Меню KDT

Новости

Ардақты аналар мен аяулы аруларға құрмет көрсетілді.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ!

   Жыл сайын көктемнің  алғашқы күнімен күлімдеп босаға аттайтын мерейлі мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні.Наурыз айы – жыл басы, табиғатты жайнатқан, көктемде нұрын шашып, кең даланы әдемі гүлдерге боятқан.

   Осы мереке де Кеңащы ауылында аталып өтті. Әдемі безендірілген Мәдениет үйінің сахнасында тамаша мерекелік концерт ауыл тұрғындар алдында көрсетілді. Алдымен жиналған қауымды ауыл әкімі Муратов Аманжол Билялұлы  жер жаһандық ортақ мерекемен шын жүректен құттықтап, әйелдер қауымына көп-көп  ізгі тілектер білдірді.

   Мектеп оқушылары мен мұғалімдер  ұжымы әжелеріне , аналарына, апаларына арнап  ән шырқап, би биледі. Ал ардақты аналар мен аяулы аруларымыз  орындалған әсем әуендер мен мың бұрылған билерді  тамсана тамашалап, рухани жан – дүниесі рахаттана бір серпіліп қалды.



Просмотров: 216

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда20
  • Осы аптада8
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки