1-желтоқсан-Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті күніне
Біздің елбасымыз - Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы - қасиетті, аталы сөз,
Мазмұны, мағынасы терең жатқан.
Ту тіккен, еңсе тіктеп елдігің ғой,
Өзгемен терезесі тендігің ғой.
"1-желтоқсан -Қазақстан республикасының" Тұңғыш Президенті күні"-мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршамызға мәлім. Бұл еліміздің тарихындағы ерекше күн.
Тәуелсіздікке ие болған жиырма бес жылдың ішінде ауқымды зкономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасы халықты орасан зор істерге жұмылдырды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем тәлім аларлық саясат ұстанды. Еліміздің сыртқы саяси бағытын дәл нұсқап, қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел ретінде мойындатты. Расында Елбасының басшылығымен Қазақстан әр салада жетістіктерге қол жеткізіді.
Просмотров: 187
Комментарии